24-26 қаңтар аралығында Канадада тректегі велоспорттан әлем кубогінің алтыншы кезеңі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан командасының үздігі Артем Захаров қатыспайды. Ал команда сапынан үш спортшы бақ сынайды.

Рейтингілік ұпай мен кубок жүлдесіне таласындар қатарына Павел Воржев, Сұлтанмұрат Миралиев және Андрей Чугай бар.