«Барселона» жарақатының салдарынан алдағы төрт ай бойы алаңға шықпайтын Луис Суарестің орнына шабуылшы іздеп жатыр.

Каталондық ұжым «Арсеналдың» ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянг пен «РБ Лейпцигтің» футболшысы Тимо Вернерді жалға алуды қарастырған. Алайда екі ойыншының командасы бұған келіспеді.

Әзірге «Барселона» «Монако» шабуылшысы Виссам Бен-Йеддерді қатарына қосу үшін тырысып көрмек. Сондай-ақ каталондық клуб «Валенсияның» ойыншысы Родриго Мореноға қызығушылық танытып отыр.