Қазақстан құрамасының ойыншысы Евгений Рымарев Ресейдің жоғарғы хоккей лигасында аптаның үздік шабуылшысы атанды. Үздік ойыншыны лиганың сарапшылары мен арнай мамандар анықтайды. Олар Рымаревтің өткен аптада хет-трик авторы атанып ерекше көзге түскендігін айтады. Одан бөлек Рымарев бір нәтижелі пас авторы атанып, жалпы бір ойында 4 ұпай жинаған.