Бүгін петерборлық команда катарлық «Аль-Увайнах» футбол клубына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

«Зенит» сапында қаралымда жүрген Бауыржан Исламхан алаңға шығып қалуы мүмкін. Исламхан бірнеше күннен бері «Зенит» құрамында оқу-жаттығу жиынында жүр. Ресейлік БАҚ құралдарының айтуынша Исламхан келісімшартқа отыруға жақын. Жолдастық кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00 басталады.