Мельбурнда өтіп жатқан Австралия ашық біріншілігінің бірінші айналымында Юлия Путинцева еш қиындықсыз қарсыласынан айласын асырды, деп хабарлайды prosports.kz

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы Қытай Тайпейінің өкілі Се Шувэймен кездесті. Кездесу 1 сағат 19 минутқа жалғасып, 6:1,6:3 есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды. Келесі айналымда Путинцева Коллинс-Дьяченко жұбының жеңімпазымен кездеседі. Естеріңізге салатын болсақ Зарина Дияс, Елена Рыбакиналар да бірінші айналымнан сүрінбей өтті.