Бүгін, 21 қаңтарда «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команда бүгін Хельсинки қаласында жергілікті «Йокерит» клубымен кездеседі.

Андрея Скабелка шәкірттері Финляндия астанасына көтеріңкі көңіл-күймен келді деуге негіз бар. Өйткені елордалықтар алдыңғы кездесулерде үш қарсыласын - «Локомотив», «Салават Юлаев» және «Металлургті» жеңді.

«Йокерит» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.