Невада штатының атлетикалық комиссиясы UFC 246 турниріне қатысқан спортшылардың сыйақыларын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz

19 қаңтарда T-Mobile аренасында өткен турнирге 19040 билет сатылып, 11 миллион пайда келген. Ирландиялық Конор Макгрегор 40 секундтық жекпе-жегі үшін 3 миллион АҚШ доллары көлемінде өтемақы алады. Одан бөлек спортшы ақылы телекөрсетілім бойынша өз үлесін алатын болады. Спортшының айтуынша барлығын қосқанда ол шамамен 80 миллиондай пайда көреді.

Оның қарсыласы Дональд Серроне 200 мың АҚШ долларын қанағат тұтты. Ақылы телкөрсетілімдер мен демеушілерден келетін ақшаны қосқанда 2 миллионға жетердей сыйақы алады.