Нидерландтық Эревидизияның 19-туры аясында «Хераклес» «Эмменге» қонаққа барды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркельдің командасы чемпионаттың 12-клубын жеңе алмады. Марко Колардың бірінші таймда соққан голы «Эмменге» жеңіс сыйлады - 1:0.

Меркель «Хераклес» сапында негізгі құрамда шығып, 90 минут бойы алаңда болды.