Неміс Бундеслигасының 18-ші турында мюнхендік «Бавария» қонақта «Герта» қақпасына жауапсыз төрт доп соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 турдан кейін 36 ұпай жинаған «Бавария» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басындағы «Лейпцигтен» мюнхендік ұжым 4 ұпайға қалып келеді.

Бундеслига. 18-тур

«Герта» - «Бавария» - 0:4(0:0)

Голдар: Мюллер, 60 (0:1), Левандовски, 73 - пенальти (0:2), Алькантара, 76 (0:3), Перишич, 84 (0:4)