Лозаннада ІІІ қысқы жасөспірімдер арасындағы қысқы Олиипиада ойындары жалғасуда. Olympic kz сайты 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының бағдарламасы мен қазақстандық спортшылардың нәтижелерімен таныстыруды жалғастырады.
Лозанна мен Нұр-Сұлтан қаласының уаұыт айырмашылығы 5 сағатты құрайды. Төменде 19, қаңтардағы жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
Спорт түрі: Шаңғымен трамплиннен секіру. Ерлер мен әйелдер.
Спортшылар: Данил Василев, Нұршат Тұрсынжанов, Вероника Шишкина, Әмина Тухтаева.
Басталуы: 18:00 (әйелдер, финалдық кезең), 20:00 (ерлер, финалдық кезең) (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).
Спорт түрі: Шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер)
Спортшылар: Аиша Рақышева, Валерия Батченко, Дидар Қасенов, Ильяс Исабек.
Басталуы: 16:30 (әйелдер), 17:30 (ерлер)
Спорт түрі: Фристайл ски-кросс (ерлер мен әйелдер)
Спортшылар: Анель Суфашова және Алексей Банников
Басталуы: 16:00
Комментарии