Лас-Вегастың T-Mobile аренасында UFC 246 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz

Негізгі кездесулердің бірінде Холли Холм мен Ракель Пеннингтон кездесті. Жекпе-жек толық үш раундтан тұрды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздық шешімімен Холли Холм жеңіске жетті. Бұл Холм мен Пеннингтон арасындағы екінші кездесу. Біріншісінде де Холли Холм басым болған.