Ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дональд Серроне UFC 246 турниріндегі жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қос қарсыластың да салмағы 170 фунтты көрсетті. Салмақ өлшеп болғаннан кейін, көз арбасу рәсімі де жасалды.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 09:00-де басталады. Аралас жекпе-жек кешін UFC компаниясының ресми сайтынан және Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.