Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2018 жылдың қаржылық есебін жариялады.

УЕФА-ның есебі бойынша, Қазақстан Премьер-лигасының жалпылама тапқан табысы көрсетілген. Отандық клубтар соңғы жылда 121 миллион еуро көрсеткішке жеткен. Бұл көрсеткішпен Қазақстан 20-шы сатыға жайғасты.

Үздік бестікке АПЛ (5,4 млрд евро), Бундеслига (3,2 млрд евро), Ла Лига (3,1 млрд евро), А Сериясы (2,3 млрд евро) және 1 Лига (1,7 млрд евро) енді.