Алматыда 18 жасқа дейінгі классикалық шахматтан Қазақстан Чемпионаты қорытындыланды. Классика бойынша үлкен жастағы санатта алматылық Рамазан Жалмаханов пен қызылордалық Әсел Серікбай жеңіске жетті, олар ақшалай сыйлықтан басқа, 2020 жылы балалар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, Қазыбек Нөгербек пен Ксения Балабаева 16 жасқа дейінгі категорияда шахматтың бірден үш түрінен жеңіске жетіп, турнирдің абсолютті чемпиондары атанды.

«Қарсыластар өте мықты болды, мен Алрами Алдабергенова мен Әсел Лесбекованы күміс жүлделерімен құттықтағым келеді. Оларға Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетулерін тілеймін, - дейді Әсел Серікбай, - сондай-ақ, біз Рамазан екеуміз былтыр да Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атандық. Биыл біз әлем чемпионатында жүлделі орындардан көрінуге тырысамыз».

16 жасқа дейінгі классика бойынша Қазыбек Нөгербек пен Ксения Балабаева жеңімпаз атанды. 14 жасқа дейінгі категорияда Алдияр Аңсат пен Алуа Нұрманова үздік атанды. 12 жасқа дейінгі категориядағы қорытынды кестені Алдияр Аңсат пен Зарина Нұрғалиева бастады. Эдгар Мамедов пен Елназ Қалиахмет 10 жасқа дейінгі категорияда жеңіске жетті. 8 жасқа дейінгі категорияда Әлішер Абдсаттар мен Ханзада Аманжол жеңіске жетті. Олар сонымен қатар өз категориялары бойынша әлем кубогында республиканың атынан шығатын болады. 6 жасқа дейінгі категорияда Эльсид Эльмурзиев пен Жансая Шолпанбек алтын жүлделерге ие болды.