Қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуков польшалық «Висла» футбол клубының сапындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Жақында ғана басы дауға қалған футболшы бүгін жаңа командасының сапында алғаш рет алаңға шықпақ. Жуков ойынды негізгі құрамда 20 нөмірмен бастайды. Жолдастық кездесуде олар «Сталь» футбол клубына қарсы ойнайды.