“Қайраттың" бұрынғы ойыншысы, ал қазір ресейлік "Орынбор" футболшысы атанған Исламбек Қуат клубтастары ұйымдастырған ерекше “рәсімнен” өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Instagram желісіндегі команданың ресми парақшасында футболшы дәстүр бойынша жаңадан келгендерге ұйымдастырылатын дәлізден жүгіріп өткен видеолар жарияланды.

"Дәлізден" жүгіріп өткен ойыншыны командаластары жаппай қолдарымен төмпештейді, бұл әрине жаңадан келгендерді жылы қабылдау екені көрініп тұр.