Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман Токио Олимпиадасына қатысқысы келетін кәсіпқой боксшыларға қатысты пікірін білдірді.

- Өкінішке орай, AIBA ережесі Токио Олимпиадасына қатысты болады. Бұл ереже бойынша кәсіпқой боксшылардың Олимпиадада бақ сынауға мүмкіндігі бар. Бірақ WBA бұған түбегейлік қарсы.

Егер кәсіпқой боксшылар Олимпиадада өнер көрсететін болса WBA оларды екі жылға шеттетеді. Бокс — бұл ойын емес. Бұл соққы алатын спорт түрі, - деді WBA президенті.