Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Хобартта (Австралия) өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 1/4 финалда жергілікті теннисші Лизетте Кабрераны жеңді.

2 сағат 37 минутқа созылған тартысты кездесу 6(4):7, 7:6(2), 7:5 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Рыбакина ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен кездеседі.