Невада штатының Лас Вегас қаласында UFC 246 турниріне арналған арнайы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде екі салмақ дәрежесі бойынша UFC ұйымының экс-чемпионы Конор МакГрегор Дональд Серронға қарсы тұрады. Алдағы матч жеңіл салмақта (77 келі) өтеді.

Айта кетелік, UFC 246 турнирі 19 қаңтарда таңертең өтеді. Негізгі кард Нұр-Сұлтан уақытымен 09:00-де басталады.