Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына сүрінбей өтті.
Жарыстың екінші айналымында Елена Рыбакина франциялық Ализа Корнені жеңді. 1 сағат 35 минутқа жалғасқан кездесу 7:5, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
Келесі кезеңде Елена Рыбакина аустралиялық Лизетт Кабрер есімді теннисшімен кездеседі.
Комментарии