Желіде Ресей құрамасының шабуылшысы Федор Смолов Ресейдің бірінші президенті болған Борис Ельциннің немересіне үйленуі мүмкін деген қауесет тарауда. Айта кетерлігі Ельциннің немересі 18 жасқа әлі толмаған. Сол үшін Смолов келесі жылы отбасын құрмақшы дейді оның достары. Федор Смоловтың жасы 29-да, ал оның сүйіктісі 17 жаста. Футболшының PR-агенті олардың үйленуі туралы ақпаратты растамады. Бірақ ғашықтар қазіргі кезде Сен-Бартелеми аралында бірге демалыстарын өткізуде деді.