Аустралияда Шарапова мен Зигемунд арасындағы кездесуді түтін үшін тоқтатуға тура келді.

Бірінші сет 7:6 есебімен неміс спортшысы Зигемундтың пайдасына аяқталған болатын. Екінші сетте 5:5 кезінде түтінге байланысты кездесуді уақытынан бұрын аяқтауға тура келді.

Australian Open турнирінде Мария Шарапова уайлд кард алған болатын. Ол ешқандай іріктеусіз, жарыстың негізгі кезеңінен бастап ойнауға мүмкіндік береді.