Швейцарияда фристайлдан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Параллеьді могулда Қазақстан командасының мүшесі алтын жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық Анастасия Городко турнирде алтын жүлдегер атанды. Екінші орында Нидерланд, үшінші орында Австрия спортшылары.

Ал осы бәсекеде сынға түскен тағы бір қазақстандық фристайлшы Олеся Граур төртінші сатыда.

Ерлер арасындағы сында Олег Цинн 17-ші орыннан көрінді.