«Оқжетпес» футбол клубы Стоянович, Зорич, Димов және Дмитриевпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды prosports.kz

Төрт ойыншы да көкшетаулық команда сапында өткен маусымда доп тепкен. 2019 жылғы маусымда Стоянович 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Дарко Зорич 4 гол соғып, 6 рет нәтижелі пас берген. Эстониялық Артем Дмитриев 5 гол соғып, 1 нәтижелі пас авторы атанған. Төрт футболшымен де 2020 жылдың соңына дейін келісімшарт жасалды.