Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы жарыстардың ресми добын көпшілік назарына ұсынды.

Қазақстан премьер-лигасында, бірінші және екінші лигаларында Adidas компаниясы ұсынған Uniforia добы қолданылатын болады. Adidas Uniforia добы 2020 жылғы Еуро ойындары үшін арнайы дайындалған . Оның түстері жарысты қабылдайтын 12 қаланың барлығына құрмет ретінде үйлестірілген.