25 жастағы француз теннисшісі Жонатан Канар келісілген матчтарға қатысқаны үшін спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Tennis Integrity Unit-ке сілтеме жасап.

Әлемнің 1818-ракеткасы 2017 жылы Харардағы ITF турнирінде әдейі жеңілген. Бұл үшін ол 1670 доллар алған екен.

Канардың карьерасындағы ең жоғарғы орны - АТР рейтингінде 491-позиция.