Ресейдің «Чемпионат» порталына белгілі болғандай, мәскеулік «Локомотивтің» бұрынғы ойыншысы және жаттықтырушысы Владимир Маминов ертең, 13 қаңтарда «Ақтөбенің» тізгінін ұстайды, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік маман Қазақстанға ұшып кетті. Дүйсенбіде ол клубпен келісімшартқа отырады.

45 жастағы Маминов футболшы vfycf,sylf 1992-2008 жылдар аралығында «Локомотивте» ойнаған. Мансабын аяқтағаннан кейін ол 2009 жылдан 2011 жылға дейін «Локомотивте» жаттықтырушылар құрамына кірді. Біраз уақыт Маминов «теміржолшылардың» уақытша бас жаттықтырушысы болды. Кейін «Рубин», «Химки», «Солярис» және «Тюмень» командаларын жаттықтырды.

Өткен маусымда «Ақтөбе» Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы орында қалып, Бірінші лигаға түсіп қалған еді.