Аустралияда ұлттық құрамалар арасында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында Испания жарыс қожайындары Аустралияны жеңіп финалға жолдама алды.

Жартылай финалдық сында бірінші кездесуде Роберто Баутиста Агут 6:1,6:4 есебімен Ник Кириосты жеңіп алғашқы ұпайды қоржынға алып келді. Екінші кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль жас теннисші Алекс Де Минаурды үш сетте 4:6,7:5,6:1 есебімен жеңді. Осылайша екі кездесуден кейін , жұптық сындағы матчтың керегі де жоқ боп қалды. Себебі Испания уақытынан бұрын финалға жолдама алды. Финалда испаниялықтар Сербия құрамасымен кездесетін болады.