Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегордың бапкері Диллон Данис 18 қаңтар күні Конор партерде барлығын таңғалдыратынын айтты.

«Конор партерде үздіктердің бірі. Оның джиу-джитсудағы біліктілігі әрқашан өте жоғары деңгейде болған», - деді бапкер TheSchmo берген сұхбатында.

«Бірақ адамдар Конордың бұл артықшылығын өз деңгейінде бағаламайды. Алдағы жекпе-жекте барлығын көреді»