11 қаңтар күні Жоғарғы хоккей лигасы аясында өскемендік «Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «Звезда» командасына қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz

Осы кездесумен өскемендіктер сырт алаңдағы үш кездесуге жалғасқан сериясын аяқтайды. Алдыңғы екі кездесуде «Хумо» және «Химик» командаларына жол берген болатын.

Бүгінгі кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00 басталады.