Алматылық «Қайраттың» экс-футболшысы Исламбек Қуат өзінің жаңа командасында 23 нөмірлі жейдемен ойнайтын болды, деп жазады Prosports.kz.

Еркін агент ретінде «Оренбургке» тегін ауысқан ойыншыны немістің Transfermarkt порталы 2 миллион долларға бағалаған еді.

Қазақстандық ойыншы орынборлық клубтың негізгі құрамынан мықтап орын алады дейді мамандар. Сондай-ақ Қуат клубтың ең қымбат ойыншыарының біріне айналып отыр.