Fightnews.com сайтының шолушысы және Garneksports YouTube арнасының авторы Пшемек Гарцарчик американдық Джаррон Эннис пен қазақстандық Бахтияр Эйюбов арасындағы жекпе-жектің төрешісі кездесуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдауға асығыстық танытып кетті деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Эюбов «Орыс Роккиінің» туысы болуы керек. Тура сондай шегінбейтін позициясы бар. Құрметке лайық! Мен Ларри Аззардтың жекпе-жекті тоқтату туралы шешімімен келіспеймін. Оларға айқасты жалғастыруға мүмкіндік беру керек еді, Эюбовтың күші сарқылған жоқ. «Бутс» (Эннистің лақап аты - Рrosports.kz) жекпе-жекті өз қалауынша аяқтағысы келгеніне сенімдімін», - деп жазды Гарцарчик.

Еске сала кетелік, бүгін, 11 қаңтарда, Джаррон Эннис Атлантик Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) Бақтияр Эюбовты төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, алғашқы үш минутта Эюбовты екі рет тізе бүктірді.