Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Сауль Канело Альварес британиялық Билли Джо Сондерске қарсы өтуы ықтимал жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Fightnews.info порталына сілтеме жасап.

«Билли Джо Сондерс екеуміздің арамыздағы арасындағы жекпе-жек керемет кездесу болар еді, ​​ол - мықты боксшы. Сондерс - солақай ғой, өте ыңғайсыз қарсылас, әлем чемпионы. Бұл бір тамаша жекпе-жек болар еді.

Менің бар өмірім бокспен байланысты, бокссыз өмір жоқ. Мен жаттығуды жақсы көремін, өзімді жақсы сезінемін. Мен боксты ұнатамын, спортзалда жұмыс істегенді ұнатамын. Бұл менің көңіл-күйімді шынымен жақсартады.

Ықтимал қарсыластардың тізімі арта бермек. Біз таңдауға асығар емеспіз. Егер мен бір қарсыласты жеңсем, бірден бес жаңа үміткер шыға келеді шығады», - деді Сауль Альварес.

Еске сала ктелік, бүгін инсайдер Альварес пен Саундерс жекпе-жек өткізу туралы келісті деп мәлімдеді.