2013 жылдан бері алғаш рет Ұлттық хоккей лигасында қақпашы шайба соқты. «Чикаго Блэкхоукс» - «Нэшвилл» матчында қақпашы тарихта қалды.

«Нэшвилл» командасының финляндиялық қақпашысы Пекка Ринне матч аяқталуға 22 секунд қалғанда қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Айта кетейік, ҰХЛ-да соңғы рет қақпашы 2013 жылдың 19 қазан күні соққан.