Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы отандасымыз 1/4 финалда 23 жастағы бельгиялық спортшы Элиза Мертенсті жеңді.

Екі сағатқа созылған тартысты кездесу 6:4, 4:6, 6:2 есебімен аяқталды.