Қостанайлық «Тобыл» командасының директоры Николай Панин негізгі құраманың 2020-жылға дайындықты бастағанын және толық жаттығу үдерісіне әлі де қосылмаған футболшыларды айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Кеше кешке команда БАӘ-ге жиналып, жаңа бас бапкер Григорий Бабаянмен танысты. Бүгін екі жаттығу және футболшылардың функционалдық дайындығын тестілеу өткізілді. Жақында команда жұмыс ырғағына толық кіру керек.

Әзірге барлық ойыншылардың командаға қосылмағанын атап өтейін. Григорий Сартаков қазір Белградта жүр. Никита Бочаров өкінішке орай, толық жаттығуға дайын емес. Эмиль Балаев Дубайға ұшып келді, бірақ ертең ол Түркияға оңалуға кетеді. Ол ОЖЖ-ның бір бөлігін жеке бағдарлама бойынша өткізеді», - деді Николай Панин.

Естеріңізге сала кетейік, «Тобылдың» алғашқы жиыны 7 қаңтарда басталып, 27 қаңтарға дейін жалғасады.

Фото: kazfootball.kz

.