Ертең, 9 қаңтарда, Оберхофта (Германия) биатлоннан Әлем кубогының төртінші кезеңі басталады. Жарыс жолына бірінші болып қыздар шығады.

Олар 7,5 километрлік спринт жарысына шығады. Келесі күні ерлер арасындағы бәсеке дәл осындай бағдарлама түрінде өтеді (спринт, 10 км).

Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы мынадай:

Әйелдер құрамасы: Галина Вишневская, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова.

Ерлер құрамасы: Роман Ерёмин, Владислав Витенко, Антон Пантов, Максим Браун.

Жарыс 12 қаңтарда аяқталады.