КХЛ тұрақты маусымы аясында кезекті матчта елордалық «Барыс» қонақта «Нефтехимиктен» 5:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» құрамында Никита Михайлис, Корбан Найт, Аркадий Шестаков, Даррен Диц және Атте Охтамаа мергендік танытты.

«Нефтехимик» сапынан Арсен Хисамутдинов қарсылас қақпасына жалғыз гол соқты.

Осылайша, «Барыс» 59 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші орынға тұрақтады.

Нефтехимик (Нижнекамск, Ресей) - «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:5 (0:0, 1:3, 0:2)

Шайбы соққандар:

0:1 — 20:30 Диц (Найт, Виделль)1:1 — 30:24 Хисамутдинов (Захарчук, Шарипзянов)1:2 — 34:11 Шестаков (Волк, Маклюков)1:3 — 36:06 Охтамаа (Михайлис, Шестаков)1:4 — 41:13 Найт. Буллит1:5 — 50:12 Михайлис (Сагадеев)Қақпашылар: Шарыченков — Паскуале