Египеттің Хургада қаласында өткен Африка футбол конфедерациясының марапаттау рәсімінде «Ливерпуль» мен Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане құрлықтың жыл ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Афирканың үздігі атанудан Маненің командаласы, мысырлық Мохамед Салах пен «Манчестер Ситиде» доп тебетін Алжир ойыншысы Рияд Марез де үмітті болған.

27 жастағы Мане бұл мараппаты алғаш рет алып отыр. Ол 2016 жылдан бері әрдайым үздік үштіктің қатарында болды. Бірақ бір мәрте Марезаға (2016 жылы), екі рет Салахқа (2017 және 2018 жылдары) есе жіберген болатын.

Айта кетейік, 2019 жылы Мане «Ливерпульмен» бірге Чемпиондар лигасы мен клубтық әлем чемпионатында топ жарды. Әрі Сенегал құрамасы сапында Африка халықтары кубогының күміс жүлдегері атанды.