Ресейлік теннисші Мария Шарапова Брисбендегі WTA турнирінің бірінші айналымында америкалық Дженнифер Брэдиге есе жіберді.

2 сағат 16 минутқа жалғасақан кездесу үш сетте 6:3,1:6,6:7 Брэдидің пайдасына аяқталды.

Шарапова әлемдік рейтингте 147 орынға жайғасқан. Ал Брэди 53 сатыға тұрақтаған.

Жарыстың екінші айналымында америкалық спортшы Эшли Бартиге қарсы ойнайды.

Брисбендегі турнирдің жалпы жүлде қоры 1 434 900 АҚШ долларын құрайды.