Кеше елордада 9-22 қаңтар күндері Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін жасөспірімдердің ІІІ қысқы Олимпиадасына Қазақстан құрамасы ресми түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, бапкерлер мен ең жас спортшылар қатысты.

Алдағы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан атынан спорттың 9 түрінен 26 атлет (15-18 жас аралығы) қатысады. Ойынның ашылу және жабылу салтанаты әлем халқының олимпиадалық астанасы саналатын Лозаннада өтеді. Сондай-ақ, Лозанна Университетінің аумағында Олимпиадалық қалашық орналасады.