Қазақстандық «Se7en Esports» CS:GO ұжымы Бангкокта өтетін NEX Winter Invitational 2020 турниріне шақырту алды.

Тайланд астанасында өтетін LAN-турнир 16-18 қаңтар аралығында өтеді. Басында командалар топтық кезеңде өзара мықтыны анықтайтын болады.

Үздік нәтиже көрсеткен командалар плей-офф бәсекесіне жолдама алады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 28,5 мың АҚШ долларын құрайды.