«Сарыарқа» хоккей клубы шабуылшы Владимир Ионин мен қорғаушы Павел Лукиннің командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандылық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, Ионин осы маусымда 22 ойын өткізіп, 3 (1+2) ұпай жинаған. Ол бұған дейін ЖХЛ-де «Челмет», «Зауралье», «Тамбов», «Ценг Тоу» командаларында, ҚХЛ-да «Металлург» сапында өнер көрсеткен.

Ал Лукин «Сарыарқа» сапында 34 ойынға қатысып, 10 (1+9) ұпай жинады. Ол ҚХЛ-да «Локомотив», «Торпедо» және «Витяз» командаларында бақ сынаған.