Чехияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы үш кездесуге жалғасқан серияда неміс хоккейшілеріне есе жіберді.

Серияның шешуші кездесуінде қазақстандық хоккейшілер 6:0 есебімен оңбай ұтылды. Қазақстан жастар құрамасы жеңілістен кейін элиталық дивизионмен қош айтысты. Келесі жылы Канадада өтетеін әлем чемпионатында өнер көрсетпейді.

Германия U-20 - Қазақстан U-20 (1:0,4:0,1:0)

1:0 - Бокк (Йенцш,Сейдер) - 12:18

2:0 - Бокк(Хуттл,Мик) - 30:12

3:0 - Флейшер( Валенти, Шинко) - 31:35

4:0 - Рейчел(Петерка) - 33:03

5:0 - Хайнзингер( Йенцш) - 34:27

6:0 - Мик( Масс, Шутц) - 55:45

Қақпашылар: Хане - Нурек

Естеріңізге салатын болсақ серияның бірінші матчына Германия 4:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңген болатын. Серия тағдырын үшінші кездесу шешті.