Испания Ла лигасы аясында мадридтік “Реал” сырт алаңда “Хетафе” футбол клубын 3:0 есебімен жеңді.

Корольдік клуб сапында Рафаэль Варан дубльмен көзге түссе, тағы бір голды хорватиялық Лука Модрич соқты.

Зинедин Зидан шәкірттері 19 турдан кейін 40 ұпай жинап, екінші орында келеді. Ал “Хетафе” 30 ұпаймен жетінші сатыға тұрақтаған.