Францияның екінші лигасында өнер көрсететін «Генгам» футбол клубының ойыншысы Натаэль Жюлан жол апаты кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы француз жоғары жылдамдықта көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Көлік жолдың шетін шығып кеткен.

Осы маусымда футболшы чемпионатта 1 матч өткізді.