Бүгін, 4 қаңтарда, Қазақстанның жастар құрамасы (20 жасқа дейінгі) хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында қалу үшін таласта Германиямен екінші жұбаныш матчын өткізеді, - деп хабарлайды Prosports.kz.

Чехияның Острава қаласындағы ойын Нұр сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. QazSport арнасы матчты тікелей эфирде көрсетеді. Ғаламтордан мына сілтеме арқылы арнаның ресми сайтында көре аласыз.

Бірінші матчта Қазақстан құрамасы Германияны 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Текертірес екі жеңіске дейін созылады. Яғни, бүгін Қазақстан құрамасы есе жіберсе элиталық кезеңмен қош айтысады.

Сергей Старыгин шәкірттері неміс елінің хоккейшілерінен басым түскен жағдайда, қос команда арасындағы ойын 5 қаңтар күні өтеді.