Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы пэурторикалық аңыз боксшы Карлос Де Леонның қайтыс болғаны жайлы хабарлады.

Леон 60 жасында 1 қаңтар күні Буффало қаласында дүние салды.

1975-1995 жылдар аралығында Леон 58 жекпе-жек өткізіп, 53 мәрте жеңіске жетті. Ол WBC нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта төрт мәрте әлем чемпионы атанды.