Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкиймен еңбек шартын жасады.

Игорь Шацкий мансабын 2008 жылы қарағандылық «Шахтерде» бастаған. 2012 жылы Шацкий Астанаға көшті, онда екі маусым «Астана-1964» намысын қорғады.

Осы команданың құрамында бірінші лиганың қола жүлдегері атанды. Кейіннен қақпашы клубы теміртаулық «Болат» сапына ауысты, онда 22 матч өткізді.

Соңғы бес маусымда голкипер «Шахтердің» қақпасын күзетті. Өткен маусымда Премьер-лиганың барлық ойындарына қатысты.

Биыл Шацкий Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Молдоваға қарсы матчта өнер көрсетті. Футболшымен келісімшарт 1+1 жүйесі бойынша жасалды.