FourFourTwo журналы соңғы онжылдықтағы ең үздік 25 футбол командасын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды Пеп Гвардиола 2008-2012 жылдар аралығынды тізгіндеген «Барселона» алды. «Онжылдықтың үздік командасы ғана емес, сонымен қатар тарихтағы ең үздік атағына үміткер», - деп жазылған испаниялық команда жайлы.

Екінші орынды Испания құрамасы иеленді. Висенте Дель Боске бапкермен Пирей түбегіндегі ел 2010 жылы әлем чемпионы және 2012 жылы Еуропа чемпионы мәртебесіне ие болды. Үздік үштіктен тағы да Пеп Гвардиола көрінді. Оның қазіргі командасы «Манчестер Сити» үшінші орынды жеңіп алды.